2022-2023 оқу жылы бойынша
Шымкент қаласы білім басқармасының
№118 «Әсел» бөбекжай-бақшасының
ТӨЛҚҰЖАТЫ
МКҚК №118 «Әсел» бөбекжай бақшасы
Шымкент қаласы Туран ауданына қарасты білім бөлімінің «118 «Әсел» бөбекжай - бақшасы Этнопедагогика негізінде жүргізу орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мына мекен жайы бойынша орналасқан «Спорт» мөлтек ауданы 10 Б. № 118 «Әсел » бөбекжай бақшасының салынған жылы - 31.03.1989 жылдан алғашқы қазақ тілінде оқу- тәрбие жұмысын жүргізетін балабақша. 2004 ж 15 Сәуірден бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды этнопедагогика негізінде жүргізетін орталық.
Ғимараттың салынған жылы: 1989ж.
Жобалық құжаты: 320
Мекеме қарауында: «ғимаратта»
- мәдени –спорт комплексі
- ән күй бөлмесі
- өзін -өзі тану бөлмесі
- жазғы бассейн
- дәрігер бөлмесі бар
12 топта 320 балдырған тәрбиеленуде: балдырғандарға үш мерзім тамақ ұйымдастырылған
Ал енді өзімізге келетін болсақ Шымкент қаласы Әл- Фараби ауданына қарасты білім басқармасы «№118 «Әсел» бөбекжай-бақшасы Этнопедагогика негізінде жүргізу орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны біздің бақшамыз 1989 жылдан бастап алғашқы қазақ тілінде оқу тәрбие жұмысын жүргізетін балабақша болып ашылды. 2004 жылдың 15 Сәуірінен бастап «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды этнопедагогика негізінде жүргізетін орталық» болып табылады. Қазіргі таңда 2011 жылдың Қазан айынан бастап меңгеруші Кәдірбай Гүлмира Қырғызбайқызы 33 жылдан бергі уақыт аралығында балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жемісті еңбек етіп келе жатқан педагог ұстаз. Біздің ұжымда 34 педагог, оның ішінде: 2- әдіскер, 24- тәрбиеші, 7 пән мұғалімдері қызмет жасайды. Педагог-зерттеуші -18,жоғарғы санат-2; Педагог-сарапшы -8, педагог –модератор -3, санаты жоқ -3педагог.
Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан- жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат- жан- жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
*Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде баланың танымдық дамуы, интеллектуалдық іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастыру, танып-білуге қызығушылығын арттыру:
*Балалардың білім сапасын арттыруда тәрбиешінің бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізу.
*Мектепке дейінгі ұйымда оқу-әдістемелік және ақпараттық - техникалық құралдармен жабдықтау;
*педагог мамандардың сабақ беру шеберлігін арттыру мақсатында өз білімін үнемі толықтыру;
*білім мен тәрбиені қатар алып жүретін , әр педагогтың құзіреттілігіне біліміне практикалық іс-тәжірбиесіне ,шығармашылық ізгі іс-әрекеттерін дұрыс бағытқа қоя білу;
* Білім салаларын интеграциялау негізінде «Бала тілін заманауи технологиялар арқылы дамыту» ойын технологияларын,интеллектум ойындарын қолдана отырып жеке тұлғалық білім беру мен тәрбиелеуді одан әрі жалғастыру. Халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын арттыру;
Міне осы мақсаттарды алға қоя отырып біздің МКҚК №118 «Әсел» бөбекжай бақшасында бүгінгі таңда бала тәрбиесі мен біліміне аса мән беріліп отыр.Бақшамызда ай сайын түрлі апталықтар ұйымдастырылып баланың танымы мен қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырудамыз.
Мекен жайы: Шымкент қаласы, Спорт мөлтекауданы 10Б тел: 78-22-98
1 |
Бақша меңгерушісі |
Кулбаева Қызылгүл Сейдакбаровна Тел: 87017632962 |
2 |
Ғимараттың салынған жылы |
1989жыл |
3 |
Ғимараттың түрі,қуаттылығы |
Типтік 2 қабат, 320 |
4 |
Бала саны |
320 |
5 |
Ғимараттың қабырғасы |
т/б панелі |
6 |
Шатыры |
Темір черепица |
7 |
Терезе |
Пластик |
8 |
Еден |
Ағаш |
9 |
Жылу жүйесі |
Орталықтан |
10 |
Су және канализация |
Орталықтан, канализация бар |
11 |
Балабақша учаскесінің ауданы |
8977м2 |
12 |
Ауысымдылығы |
Толық күнді |
13 |
Асхана |
43,9м2 |
14 |
Компютер |
4 |
15 |
Ноутбук |
2 |
16 |
Моноблок |
1 |
17 |
Спорт зал |
71,8м2 |
18 |
Спорт алаңы |
жоқ |
19 |
Медпункт |
13,8м2 |
20 |
Акт зал |
98,8м2 |
21 |
Қызметкерлер саны |
65 |
22 |
пианино |
4 |
23 |
Топ саны |
12 |