Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№118 "Әсел" бөбекжай-бақшасы" МКҚК
Шымкент қаласының білім басқармасының
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№118 "Әсел" бөбекжай-бақшасы" МКҚК
Шымкент қаласының білім басқармасының
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

МКҚК №118 «Әсел » бөбекжай-бақшасының

2022-2023 оқу жылындағы ата-аналар жиналысының

№1 хаттамасы

 

                                                               Шымкент қаласы

                                                                      Қатысқандар саны:41

                                                                   Ата-аналар саны: 35

 

                                                            21.09.2022 жыл

 

І.Күн тәртібінде:

 

  1. Оқу жылындағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру үлгілік оқу жоспарымен таныстыру Меңгеруші К.С.Кулбаева, әдіскер Э.Нуркулова
  2. COVID-19 короновирус індетінің алдын-алу шаралары. Кеңес беру жұмыстары, «Коронавирус инфекциясынан қалай сақтану керек?» баяндама. Медбике Мейрова С
  3. 2022-2023 оқу жылындағы ұйымдастырылған іс- әрекеттер

 әдіскер Нуркулова Э

  1. «Сыбайлас жемқорлық –қоғам дерті» тақырыбында баяндама
  2. Ата-аналар комитетін сайлау
  3. Әр-түрлі мәселелер

 

ІІ.Тыңдалды:

     Бөбекжай-бақша меңгерушісі К.С.Кулбаева  жиналыста қаралатын мәселелермен ата-аналарды таныстырып,жиналысты ашық деп жариялады.Жиналысқа келген топ  ата-аналармен таныстырылды.

    Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарына 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелікте өзгерістер енгізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметі ұйымдастырылған іс-әрекетіне ауыстырылып ойын түрінде өткізілетіні түсіндірілді.

      Әдістемелік нұсқау хатта 2022-2023 оқу жылындағы негізгі міндеттер белгіленген, ол мынадай бағыттарды қамтиды:

- әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құру;

- балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;

- тәрбиеленушілердің қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, эмоционалдық, әлеуметтік, когнитивтік дағдыларын қалыптастыру;

- Отанды, ана тілін сүюге, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздеріне және патриотизмге баулу;

- баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығын қалыптастыру және тең бастапқы мүмкіндіктер беру.

Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады:

- ойын арқылы оқыту;

- түрлі балалар әрекетін ұйымдастыру арқылы (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) балаларды дамыту.

        Бөбекжай-бақша әдіскері Нуркулова Э:  мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде үлгілік жоспармен қатар бақшада бірнеше инновациялық технологиялармен білім берудеміз.Педагог тәрбиешілеріміз жыл сайын біліктіліктерін арттырып,арнайы курстан өтіп заманауи инновациялық технологиялармен танысып сертификаттар алып отырады.

Бөбекжай-бақша жылдық жоспарымен таныстырды. Қыркүйек айында балалар арасында іріктеу жұмыстары жүргізіліп «Ұлттық қимылды ойындар»,»Дойбы», «Үлкен тенис» «Би үйірмесі»  үйірмелеріне жұмыс жоспарлары бекітілді.

      «Коронавирус жайлы бәрі білуге тиіс деректер» тақырыбында баяндаманы бөбекжай-бақша медбикесі Мейрова С  оқып,сақтық шараларды қатаң ұстануымызды айтты. Коронавирус – бұл 2019-nCoV деп аталатын вирустық инфекцияның жаңа түрі, жоғарғы тыныс алу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруын тудырады, өкпе, қабынуы асқынып, өлімге әкелуі мүмкін. Коронавирус белгілері:

дене қызуының көтерілуі,тұмау,бас ауруы,жөтел,тамақ ауруы,әлсіздік,

іш өту. Иммун жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.

       Меңгеруші Кулбаева К.С . ата-аналар тарапынан ешқандай қаржы  жиналмауын,туған күн,мерекелік іс-шараларда сыйлықтар алып келмеуін ескертті. «Сыбайлас жемқорлық –қоғам дерті» тақырыбында баяндама оқылды. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

         Меңгеруші Кулбаева К.С  жиналысқа қатысып отырған әр топтың ата-аналар арасынан бақша ата-ана комитетін сайлауға ұсыныс тастады. Ата-аналар тарапынан  «Балапан » тобының ата-анасы Болсынай Аманқыз   ұсыныс тастап,бірауыздан қарсылық білдірмей дауыс берді.

.Қарсылық жоқ, бірауыздан дауыс берілді.

 

         Бөбекжай-бақша педагог-психологы  Мусабекова З  ата-аналармен «Жүрек жылуы» тренингін өткізді.

 

ІІІ.Қаулы:

 

  1. Бөбекжай-бақшада санитарлық сақтық шаралары қатаң сақталсын.
  2. Бөбекжай-бақша ата-аналар комитеті Болсынай Аманқыз қалсын .

 

МКҚК №118 «Әсел»

 бөбекжай-бақша меңгерушісі                            Кулбаева К.С.

 

Хатшы                                                                   Ахмет Д

 

МКҚК №118 «Әсел» бөбекжай-бақшасының

ата-аналар жиналысының

 

№2  Хаттамасы

21.10.2022жыл

                                                               Шымкент қаласы

                                                                             Қатысқандар саны:41

                                                                          Ата-аналар саны:35

І.Күн тәртібінде:

 

  1. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгерту бойынша түсіндіру жолдары.
  2. Әр-түрлі мәселелер

 

ІІ.Тыңдалды:

         Бөбекжай-бақша меңгерушісі Кулбаева К.С топ ата-ана комитеті төрайымдарын түгелдеп шықты.Күн тәртібімен таныстырды.

Бөбекжай-бақша әдіскері Нуркулова Э.К : Стандарт пен үлгілік оқу жоспарының негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына өзгерістер енгізілді. Даму тәрбие және оқыту процестеріне қөзқарастар өзгертілді.Балаларға жүктеме азайтылды.

Бағдарламаның мазмұны балалр іс-әрекетіінң әр түрлі түрлері арқылы тәрбиеші күні бойы ойын түрінде ұйымдастырылған интеграцияланған іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады: Ойын,қозғалыс,танымдық,шығармашылық,зерттеу,еңбек,дербес

Заттық –кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастырудың талаптарын таныстырып, қысқаша видео көрсетілді.

        Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану.

Дамытушы орта балаға өз қабілеттерін пайдалануға, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді. Балалар әрекетін осындай тәсілмен ұйымдастыру нәтижеге бағытталған даму механизмін құрайды. Бала жоспарланған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады. Дамытушы орта балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен бірлескен әрекетін, балалардың қимыл белсенділігін, сондай-ақ олардың оңаша болуына мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек.

         Меңгеруші Кулбаева К.С : -Құрметті ата-аналар,бөбекжай-бақша жоспары бойынша ата-аналар тарапынан ата-аналар институтының жұмысын ұйымдастыруымыз қажет. Яғни жас аналар мектебі, әжелер мектебі,аталар мектебі,әкелер мектебі. Сіздермен ақылдаса отырып өз ойларыңызды білдірсеңіздер,қай мектеп біздің бақшаға,балаларға ыңғайлы болатыны жайлы.

Ата-аналар тарапынан «Әкелер мектебі» мен «Әжелер мектебіне» тоқталды.

 

       Бөбекжай-бақша медбикесі Мейірова С «Коронавирус жайлы бәрі білуге тиіс деректер» тақырыбында баяндаманы оқып,сақтық шараларды қатаң ұстануымызды айтты. Коронавирус – бұл 2019-nCoV деп аталатын вирустық инфекцияның жаңа түрі, жоғарғы тыныс алу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруын тудырады, өкпе, қабынуы асқынып, өлімге әкелуі мүмкін. Коронавирус белгілері:

дене қызуының көтерілуі,тұмау,бас ауруы,жөтел,тамақ ауруы,әлсіздік,

іш өту. Иммун жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.

      Меңгеруші Нуркулова Э. ата-аналарға бөбекжай-бақшада ұйымдастырылған іс-әректтерді көріп, сонымен қатар балардың тамақтану тәртібімен асханадағы тағамдардың дайындалуын , логопед мамандарын таныстырды. Ахмет Д ,өз жылдық жоспарларымен таныстырып, балалармен жұмыс жасау кестелерімен, сондай-ақ өз жұмыстарын видео ролик арқылы көрсетті.

      Жиналыс соңында педагог-психолог ата-аналармен  «Адасқан алақандар» тренингін өткізді.

ІІІ.Қаулы:

 

  1. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгерту бойынша түсіндіріліп,жұмыстар жүргізілсін.
  2. «Әкелер мектебі» мен «Әжелер мектебіне» жоспар құрылсын.
  3. Бөбекжай-бақшада сақтық шаралары қатаң сақталсын.

МКҚК №118 «Әсел »

 бөбекжай-бақша меңгерушісі                            Кулбаева К.С.

Хатшы                                                                   Ахмет Д.И